Атырауда Құран жаттау және сауат ашу орталығы оқуға шақырып жатыр

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және сауат ашу орталығы талапкерлерді оқуға шақырып жатыр.

Оқу мерзімі үш жыл. Үш жыл уақыт ішінде шәкірттерге еліміздің білікті, таңдаулы ұстаздары «Тәджуид ілімі», «Араб тілі грамматикасы», «Ақида», «Фиқһ», «Хадис», «Тәпсір», «Ислам тарихы» пәндері бойынша дәріс береді. Орталықты аяқтаған түлектерге сертификат беріледі. Сертификат алған түлектер мешіттерге діни қызметке орналаса алады.

Білім орталығы жатақхана, асхана, спорт залы, кітапханамен қамтамасыз етілген. Құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады.

Орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және сауат ашу орталығы Атырау қаласының Береке ауылы, әл-Фараби көшесі, 5 «а» мекен-жайында орналасқан.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.