Қызылқоға ауданында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті (+ ФОТО)

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті.

Спорттық шараны Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлескен түрде Қызылқоға аудандық «Бәйтерек» мешіті ұйымдастырды.

Ұлттық ойын түрлері бойынша өткен жарысқа жасөспірімдер мен ауыл ересектері қатысты. Ләңгі тебу, садақ ату, найза лақтыру, асық ату түрлері бойынша өткен жарыста жеңімпаздар диплом, медальдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ләңгі тебу бойынша 1 орынды Салауат Мұратов иеленді. Екінші орынды Ақниет Сарбасбай, үшінші орынды Демеуғали Мұханғалиев иеленді.

Садақ ату бойынша 1 орынды Сәндібек Өтешов, 2 орынды Азамат Ермұханов, 3 орынды Мұрат Сұлтанов алды.

Асық ату бойынша 1 орынды Еркебұлан Сисенов жеңіп алды. 2 орын Айсұлтан Өтебайға, 3 орын Бекарыс Мәлікұлына бұйырды.

Найза лақтырудан 1 орынды Ризабек Амантай иеленді. 2 орынды Бүркіт Орынбасар, 3 орынды Руслан Нұрғалиев өзара бөлісті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.