Сауд Арабиясы тек вакцинациядан өткен адамдарға кіруге рұқсат берді. Бірақ, QazVac және «Спутник V», тіпті Hayat-Vax вакциналары бекітілген тізімге енбеген.
Қажылық барлық санитария нормалары мен шектеулерді сақтай отырып өтеді.
Әзірге қанша мұсылманға қажылыққа баруға мүмкіндік берілгені туралы нақты ақпарат жоқ. Белгілісі, Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna препараттарын салған шетелдіктер ғана кіре алады.
Жағдайды қиындататын тағы бір нәрсе – ел билігі қажыларды тек тікелей рейстермен жеткізуді талап етті. Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ.
Айта кетейік, биыл қажылық 17 шілдеде басталады.
Араша. кз