amin.kz/17 наурыз, 2020 жыл. Дүниежүзін дүрліктірген коронавирус дертінің жайылуына байланысты республикамызда күні кеше төтенше жағдай енгізілген еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық аймағында, нақтырақ айтқанда, көпшілік жүретін орындар мен әртүрлі ғимараттарға санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы ҚМДБ-ның бас ғимаратында да толықтай дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, нысанның кіре берісі мен дәліздеріне антисептикалық құрылғылар орнатылды.