Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
Кеңес жұмысына Қазақсан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мемлекет және қойғам қайраткерлері Өмірзақ Озғанбайұлы, Әділ Ахметов, Жабал Ерғалиев, Бақытжан Ертаев, Марат Тоқашбаев т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кеңес жұмысын ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге мәлім, биыл жыл басында елімізде болған сынақтар бір ауыз сөзімен дауды тоқтата білетін, бір руды ғана емес, бүтін елді бірлікке, ұйымшылдыққа, татулыққа ұйыта алатын ақсақалдардың орны мен қоғамдағы рөлінің маңызын айқындай түсті. Біз сіздердің көмектеріңізбен ұлтымыздың ұмытыла бастаған ақсақалдар институтын қайта жаңғыртуға күш салып келеміз. Бұл бағыттағы ортақ жұмысымыз ұдайы жалғаса береді деген сенімдемін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кеңестің кезекті мәжілісінде Діни басқарма әзірлеп жатқан «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының мазмұны талқыланып, ақсақалдар тарапынан тиісті ұсыныс-пікірлер айтылды.