Жылыой ауданының Қосшағыл ауылында азық-түлік дүкендері Рамазан кезінде арақ-шарап сатудан бас тартты.
Мұндай шешімді дүкен иелері Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы мен наиб имам Ғанибек Қожанапес жасаған уағыз-насихаттан кейін қабылдап отыр.
«Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Бұл айда адамдар рухани тазаруға мән беруі керек» дейді имамдар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.