Қосшағыл ауылында азық-түлік дүкендері арақ-шарап сатудан бас тартты

Жылыой ауданының Қосшағыл ауылында азық-түлік дүкендері Рамазан кезінде арақ-шарап сатудан бас тартты.

Мұндай шешімді дүкен иелері Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы мен наиб имам Ғанибек Қожанапес жасаған уағыз-насихаттан кейін қабылдап отыр.

«Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Бұл айда адамдар рухани тазаруға мән беруі керек» дейді имамдар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.