Жылыойда әйелдер арасында «Рамазан марафоны» өтті

Жылыой орталық мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында “Рамазан марафоны” өтті.

Онлайн және офлайн форматта өткен марафон 10 күнге созылды. Марафон аясында қатысушылар «Құран аяттары», «Пайғамбар өмірбаяны», «Хадистер», «Сүннет амалдар», «Алланың көркем есімдері» тақырыптарында білімдерін сарапқа салды.

60 үміткер өзара бақ сынасқан бәсекеде белсенділік танытқан 30 шәкірт арнайы сыйлықтар мен марапатталды. Мешіт ұстазы Думан Мұратұлы әйел жамағатын Рамазан айымен құттықтап, «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабын табыстады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.