ЖЫЛЫОЙДА «СИРА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» АТТЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Жылыой ауданындағы «Жылыой Мұсылмандары» мешітінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын насихаттауға арналған «Сира әлеміне саяхат» атты білім сайысы өтті.

Рухани шараға мен мешіт жамағатынан 20 адам қатысып, өз білімдерін сынады. Сайыс барысында қатысушылар сира ілімі бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін көрсетті.

Шара барысында Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы насихат айтып, Пайғамбарымыздың көркем мінезі мен өнегелі өмірін үйренудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар арнайы қонақ ретінде шақырылған Қ. Мұңайтпасов мешітінің имамы Рамазан Құдабайұлы да тағылымды уағыз-насихат айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білім сайысының қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – Жылыой мешітінің жамағаты Моншин Сәкен иеленіп, «Умра» кіші қажылық жолдамасымен марапатталды.

🥈 ІІ орын – Ақкиізтоғай мешітінің жамағаты Жақсығали Әділетке бұйырып, 70 000 теңге сертификаты табысталды.

🥉 ІІІ орын – Мақат мешітінің жамағаты Бекжанов Амандық иеленіп, 30 000 теңгелік сыйақымен марапатталды.

Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, дін жолындағы ізденістеріне береке тіленді.