Қасиетті жұма күні жамағат алдында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Kaz Food Service» ЖШС мекемесінің негізін қалаушы Қайрат Аманжол мырзаға уақыпнама табыстады.
Жұма уағызынан кейін өткен рәсім барысында қоғам игілігі жолындағы қайырымдылық пен уақып істерінің маңыздылығы айтылып, сауапты амалдың сауабы кеңінен насихатталды.
Бас имам ел игілігіне бағытталған бастамаларға ризашылығын білдіріп, Алла разылығы үшін жасалған әрбір істің берекесі мол екенін атап өтті.



