ҚҰСПАН МОЛЛА МЕШІТІНДЕ 20 АДАМҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

Қасиетті жұма күні қалалық Құспан молла мешітінің «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Игілік аясында 20 мұқтаж жанға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.