ЖАСТАР – РУХАНИЯТ ШАМШЫРАҒЫ

Дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге ҚМДБ Жастар ісі секторының өңірдегі жауапты өкілі Мағжан Игенбайұлы қатысып, өңірдегі Құран жаттау орталығында тәлім алып жатқан шәкірттермен жүздесті.

Жиында жастардың рухани тәрбиесі, Құран ілімін меңгерудің маңыздылығы, білім мен ізгілікті қатар алып жүру, қоғамдағы жас буынның жауапкершілігі төңірегінде ой қозғалды.

Мағжан Игенбайұлы шәкірттерге білім жолындағы ізденістеріне табандылық танытып, алған ілімдерін ел игілігіне жұмсауға шақырды. Сондай-ақ рухани құндылықтарды бойға сіңірген, парасатты әрі отаншыл ұрпақ қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.