МЕДЕТ МЕШІТІНДЕ ҚҰДАЙЫ АС ПЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Медет мешітінде «Құдайы ас – ысырап емес, сауап» және той өткізу мәдениетіне қатысты тағылымды жиын өтті.

Басқосуда ұлттық салт-дәстүрді сақтау, ас беру әдебі, тойдағы ысырапшылдыққа жол бермеу және қарапайымдылықты насихаттау мәселелері сөз болды.

Жиында құдайы астың негізгі мақсаты марқұмдарға дұға бағыштап, сауап жасау екені айтылып, ас пен тойдың бәсекеге емес, береке мен ізгілікке негізделуі қажеттігі атап өтілді.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамда қалыптасқан ас беру және той өткізу мәдениетін жетілдіру жөнінде ой бөлісті.

Игі басқосудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ысырапшылдықтың алдын алу және қоғамда ізгі дәстүрлерді қалыптастыру.