Индер ауданында құдайы ас беру мен той өткізу мәдениетіне қатысты тағылымды жиын өтті.
Басқосуға аудан имамдары, Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен асабалар қатысты.
Жиында ауданның бас имамы Ералы Қамзағалиев пен аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Бағытжан Ниетқалиұлы сөз сөйлеп, ас пен тойдың тәрбиелік мәні, ұлттық дәстүрді сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ асабалар да өз ойларын ортаға салып, той мен құдайы ас өткізу барысында ескерілетін мәселелер жөнінде пікір білдірді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, құдайы ас берудегі қарапайымдылықты насихаттау және той мәдениетін қалыптастыру.










