ҚАЙТПАЙ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ҮШ БАҒЫТТА ИГІ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қайтпай Сұлтан мешітінде рухани құндылықтарды дәріптеу, жамағат бірлігін нығайту және жастардың діни сауатын арттыру мақсатында бірқатар игі шаралар өтті.

«Бірлік түбі – береке» тақырыбында рухани басқосу ұйымдастырылып, мешіт имамы Мағжан Игенбайұлы жиналған жамағатқа насихат айтты. Уағыз барысында бірліктің маңызы, өзара сыйластық пен татулықтың қоғамдағы орны сөз болды.

«Құдайы ас – ысырап емес, сауап» тақырыбында ас беру мәдениеті таныстырылды. Жиында құдайы ас берудің әдебі, ысырапқа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау және марқұмдарға дұға бағыштаудың маңызы түсіндірілді.

Сондай-ақ Дүниежүзілік жастар күніне орай ауыл жастары арасында діни-интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – жастардың діни білімін жетілдіру, ізденісін арттыру және рухани дүниетанымын кеңейту.

Аталған шаралар мешіттің рухани-ағартушылық қызметін жандандырып, қоғамдағы бірлік пен ізгілік құндылықтарын нығайтуға бағытталды.