amin.kz/ 11 сәуір, 2020 жыл. Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдай қазақстандықтарды біріктіріп жатыр.
Қызылқоға аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Қызылқоға құтты мекенім» қайырымдылық ұйымының еріктілері ел қауіпсіздігін күзетіп жүрген сақшыларға гигиеналық қорғаныш құралдарын үлестіріп, ыстық тағам апарып берді.
Сонымен бірге, әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін 20 отбасына азық-түлік жеткізілді.
«Қазіргідей сын сағатта барлығымыз бір-бірімізге қамқор болуымыз керек. Әсіресе, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз алақан жылуын қажет етеді.
Алла Тағала бір қиындықтың артында бір жақсылықтың бар екендігін айтқан. Әркез дұғада болайық. Жақсылық жолында жарысайық» дейді «Қызылқоға құтты мекенім» қорының жетекшісі Ризабек Амантай.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.