Қызылқоға ауданында мешіт имамына қызметтік пәтер берілді

Мүфтияттың «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 654 баспана Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында ашылған Қазыбек би мешітінің имамы Салауат Мұратұлына табысталды.

Игі шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

Бүгінгі таңда дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында ҚМДБ тарапынан көптеген жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – имамдарымызды материалдық тұрғыда қолдау.

Зекет және қайырымдылық қоры арқылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша бүгінгі баспана мешіт имамына беріліп отыр. Асыл дінімізге қызмет ететін білікті мамандар мен қолдаушыларымызға әрқашан ризашылығымызды білдіреміз,-деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.