amin.kz/ 29 сәуір, 2020 жыл. Қызылқоға ауданының орталық мешіті «Жұмадан жұмаға дейін» ізгілік жобасын жалғастырып жатыр.
Аталмыш жоба аясында жастар бірлесіп, ауданға қарасты ауылдарды аралап, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратуда.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басымдылық беріп отырған бағытының бірі – қайырымдылық шаралары. Осы ретте мешітіміз «Қызылқоға құтты мекенім», «Иман жастары» еріктілері және ауыл жастарының атсалысуымен мұқтаж отбасыларға көмек беру жобасын жалғастырудамыз.
Рамазан мың айдан да қайырылы, сауапқа толы ай. Алла Тағала құлшылығымызды қабыл еткей» дейді Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Сұлтанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.