Рамазан: Атырауда 2 баспана тапсырылып, 2200 отбасыға азық-түлік таратылды (+ ФОТО)

Қасиетті Рамазан айы Атырау мешіттерінде ірі көлемдегі қайырымдылық шараларымен есте қалды.

Отыз күнге созылған ораза кезінде Атырау қаласында екі мұқтаж отбасына баспана кілті табыс етілді. Көп балалы отбасылардың көптен күткен қуанышқа қол жеткізуіне Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті мен Атырау қалалық әкімдігі ықпал етті.

Әлеуметтік жағдайы төмен 2200 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік таратылды. Қала, аудан, ауыл мешіттерінде өткен акциялар көп балалы, жетім-жесір, ерекше жағдайдағы адамдарды асырап отырған отбасыларды қамтыды.

Отыз күн оразада облыс мешіттерінде барлығы 16 300 адамға ауызашар қоржындары үлестірілді. Осылайша, карантин талаптарын сақтай отырып, қашықтықтан ұйымдастырылған ауызашар санитарлық жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қасиетті Қадір түнінде облыс мешіттерінде 500 балаға тәттілер, Ораза Айт кезінде аймақ бойынша 3700 бүлдіршінге айттық сыйлықтап үлестірілді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.