Рамазан күнделігі: Қосшағыл мешітінде ауызашар берілуде

Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл мешітінде қасиетті Рамазан айына орай, ауызашар берілуде.

Жиылған жұртқа Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы мен наиб имам Кожанапес Ғанибек уағыз – насихат айтуда.

«Рамазан айында жұмақтың қақпасы ашылады, тозақтың қақпасы жабылады. Шайтандар шынжырланады. Рамазан айында ораза тұту – Алланың құлының өткендегі бүкіл күнәларының кешірілуіне себепші болады. Рамазан айында бір өзінде мың айда құлшылық еткендей қасиет дарыған Қадір түні бар» деп атап өтті Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы.

Әр ауызашар сайын имамдар жамағат тарапынан түскен сауалдарға жауап беруде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.