amin.kz/ 22 мамыр, 2020 жыл. Бүгін Махамбет ауданының орталық мешітінде 40 отбасыға қаржылай көмек берілді.
«Қасиетті ораза айт қарсаңында біз қырық отбасына қаржылай қолдау көрсеттік.
Рамазан игі істерді мейлінше көптеп жасайтын ай. Себебі, бұл айда жасалған әрбір игі іс үшін берілер сауап та көлкөсір. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз орындағандай. Ал, осы айда парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз орындағандай» – деген екен.
Мүфтият үшін негізгі бағыт қайырымдылық болып қала береді» дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.