Рамазанда Атырау мешіттерінде қайырымдылық жалғасады

«Яғни, мүфтият қолға алған «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында, мұқтаж отбасыларды қолдау шаралары жалғасады» деп хабарлайды Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев айтты.

«Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде мұқтаж жандардың тізімі бар. Егер мешіт тізіміне ілікпеген мұқтаждар болса, жеке басын куәландыратын құжатымен келіп, тізімге ене алады. Біз бұл отбасыларға көп жағдайда азық-түліктей көмек көрсетеміз. Қазіргі уақытта жоспар нақтыланып жатыр. Жалпы, қайырымдылық шаралары Рамазанда ғана емес, жыл бойына өткізілуде» деп атап өтті спикер Арман Исаев.

Осы ретте, орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі жұмыс жасап жатқанын атай кеткен жөн.  Бұл орталықтан мұқтаж жанұялар қажет киім-кешекті тегін ала алады.

Еске сала кетелік, өткен жылы  Атырау мешіттерінің бастамасымен мүфтият жанындағы «Зекет» қоры арқылы, облыста 18 мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.