Сұлтан Бейбарыс мешітінде жамағат арасында Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа айту бойынша сайыс ұйымдастырылды.
Игі шараға өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
«Құран – мұсылманның өмірлік бағдаршамы. Оны жаттау – үлкен сауап әрі жүректі нұрландыратын амал. Бүгінгі сайыс – тек жарыс емес, ол – Құранға деген құрмет пен ықыластың көрінісі. Осындай игі шаралар көбейе берсін. Қатысушылардың барлығына Алла Тағала ілімдерін арттырып, Құранды өмірлеріне серік етуді нәсіп етсін», – деді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Дамир Рашидұлы (Ықылас мешіті)
🥈 ІІ орын – Әмір Нұрдәулет (Бақтыгерей молда мешіті)
🥉 ІІІ орын – Байдоллаев Ғасыр (Сұлтан Бейбарыс мешіті)
Жеңімпаздар арнайы диплом және қаржылай жүлдемен марапатталды









