Мақат ауданында жат ағымдардың алдын алу мақсатында студенттермен, өңір тұрғындарымен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті.
Кездесу барысында Билал Сүннетқожаұлы ақпарат беріп, қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және жат ағымдардың зияны туралы кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ, қатысушыларға діни сауаттылықты арттырудың маңызы айтылып, жастарды теріс ағымдардан сақтандыру жолдары талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.






