ЖЫЛЫОЙДА «ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Иманғали орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ-ның уағыз-насихат бағыты бойынша жауапты Қанағат Қалыбайұлы Жылыой ауданы имамдарына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өткізді.

Жастар үйінде өткен шараны ауданның бас имамы Думан Мұратұлы ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында ихсан ілімінің мәні, оның адам тәрбиесіндегі орны және имамдардың қоғамдағы рухани бағыт-бағдар берудегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жамағатпен жұмыс істеудің тиімді жолдары мен насихат жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды.

Жиын соңында Ұлттық кітап күніне орай кітап оқу мәдениеті де сөз болып, ауданға қарасты мешіттерге Сира кітабы табысталды. Бұл еңбек Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өміріне арналған құнды шығарма ретінде имамдарға насихат жұмыстарына пайдалануға ұсынылды.