Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Қанағат Қалыбайұлы Жылыой ауданында «Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Уағыз барысында тазалықтың исламдағы орны, табиғатты аялау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, жамағатқа қоршаған ортаны қорғау – әрбір мұсылманның міндеті екені айтылып, күнделікті өмірде тазалықты сақтау қажеттігі насихатталды.
Жиын соңында ел амандығы мен табиғаттың сақталуы үшін дұға жасалды.


