13 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Бақтыгерей молла мешіті жанындағы Құран жаттау орталығында тағылымды шара өтті.
Іс-шара барысында шәкірттерге ҚМДБ баспасының балаларға арналған еңбектері табысталып, орталық кітапханасы Бабалар ізімен, Ихсан, Дін мен дәстүр кітаптарымен толықтырылды.
Шарада Иманғали орталық мешітінің наиб имамы, жастар секторының жауапты өкілі Мағжан Игенбайұлы және баспа бойынша жауапты маман Еркебұлан Аманбекұлы қатысып, кітаптың маңызы мен рухани білімнің құндылығы жөнінде насихат айтты.
Сондай-ақ, жиын барысында Құран ілімдерімен қатар қазақы танымдық кітаптарды да оқу маңызды екені атап өтілді.
Жиын соңында шәкірттерге кітап оқудың пайдасы түсіндіріліп, рухани тәрбиеге бағытталған кеңестер берілді.













