АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ШӘКІРТАҚЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан атыраулық студенттерге арнайы шәкіртақылар табысталды.

Шәкіртақы Уақып қоры тарапынан берілді. Қордың өңірдегі жауапты маманы, Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Ажок Саясатұлының айтуынша, бұл қолдау – жастардың сапалы діни білім алуына жағдай жасап, оларды елге қызмет етуге ынталандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.