БАС ИМАМ АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған атыраулық діни делегация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан атыраулық студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттердің оқу барысы, діни білім алу деңгейі және алдағы жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, түлектерді өңірге тарту, оларды жұмыспен қамту және мешіттер мен діни мекемелерге қызметке орналастыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Бас имам студенттерге елге оралып, халыққа қызмет ету, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту жолында белсенді болудың маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасу өтті. Сондай-ақ, студенттерге арнайы шәкіртақылар табысталды.