amin.kz/ 8 наурыз, 2020 жыл. Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті қасиетті Рамазан айы қарсаңында курс ашқалы отыр.
«Курстың мақсаты – Рамазанға дайындық. Наурыздың он бесі күні басталатын курс аясында біз келушілерге Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) тіршілікте жасаған дұғалары, Құран, Тәжуид сынды сабақтар бойынша дәріс беретін боламыз.
Яғни, діни ілімді арттыру арқылы, адамның жаны да Рамазанға ерекше махаббатпен дайындалатын болады» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау өкілдігіне қарасты Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Еске сала кетелік, қасиетті Рамазан айы биыл 25 сәуірде басталады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: