Үлкендерге көрсетілетін құрмет қандай болуы керек?

Үлкендерді көрген кезде немесе оларды қарсы алу үшін отырған орнымыздан тұру сүннетке қайшы ма?

            Әбу Умамә р.а. былай дейді; Пайғамбар с.а.с. қолына таяқ ұстаған халде қасымызға келді. Біз де оны с.а.с. қарсы алу мақсатында орнымыздан тұрдық. Бұны көрген Алла Елшісі с.а.с. «Арап болмағандардың бір-біріне құрмет көрсету үшін орындарынан тұрғандарындай, орындарыңнан тұрмаңдар» (Әбу Дәуід, Әдеп, 165) .

             Ибн Хажар, Табариден нақыл ете отырып бұл хадистің әлсіз (дағиф) болғандығын айтты. (қараңыз. Ибн Хажар Фатхул-Бари, 11/49-50)

            1) Әбу Сағид әл-Худри: Бәну Курайза Яһудейлері Сағд бин Муғаздың үкімін қабыл еткен кезде, Сағд науқас халде бір ат үстінде келді. Пайғамбарымыз с.а.с. оны көрген кезде, ол жердегілерге «мырзаларыңыздың алдында аяққа тұрыңдар»-деп әмір етті. (Бухари, Атық, 17; Истизан,26)

            2) Айша р.а. «Пайғамбар с.а.с. қызы Фатима р.а. келген кезде «қош келдің»-деп, дереу орнынан тұрып, оның (маңдайынан) сүйіп өзінің орнына отырғызатын. (Ибн Хажар 11/50)

            3) Кағбтың р.а. Тәубесі қабыл болып,алғашқы рет мешітке келгенінде, Талһа р.а. алдынан тұрып Қағбты аяқта тұрып қарсы алған еді. Пайғамбар с.а.с. Талһаның бұл әрекетіне ештеме демеген еді. (Ибн Хажар, 11/52)

            Имам Нәуәви және Хаттаби секілді кейбір ғалымдардың айтқандары сияқты, алдында аяққа тұрып құрмет көрсетілген адам, шынымен абзал, құрметке лайықты адам болса, отырған орнымыздан тұру құрмет көрсетуді білдіргендігі үшін мұстахап амал болып саналады. (Ибн Хажар, 11/51)

            Ал, егер орнымыздан тұру әрекеті, құрметтен тыс, келген адамды ұлықтау мақсатында жасалатын болса, бұл шариғат тұрғысынан рұхсат емес.

            Келген кісіні қарсы алуда аяққа тұрудан тыйған хадистерді «ұлықтау» мағынасында түсінгеніміз жөн болады.

            1. Адамдардың өздері үшін басқаларының аяқта тұрып қарсы алуын жақсы көрулері және қалаулары рұхсат етілмейді.

            2. Ілім иелері, әдепті, ахлақты адамдар, әке, ата сияқты жақын адамдар, сапардан келгендер үшін көңілдерін алу және сый көрсету секілді себептермен тұрып қарсы алу көркем амал (мүстахап) болады.

            3. Адамдарды байлықтары себеп, тұрып қарсы алу рұхсат емес.

            4. Тұрған кезде, бұл әрекеттің құрметсіздік саналатын, кек, жек көрушілік және дұшпандыққа тіпті тұрмаған жағдайда зарар көруіне себеп болатын жерлерде орнынан тұру, тұрушыға күні болып есептелмейді. Алайда, өзі үшін бұл себептермен тұрғызған адамға рұхсат емес.

Бейбітбек Ғұмаров,

Атырау селолық мешітінің ұстазы.

 Дерек көз: (Ибн Хажар, Фатхул Бари 11/51-52; Айни, Умдәтул Қари, 20/252)