Атырауға жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы аmin.kz медиастудиясында сұхбат берді.
Медиа студияда берген сұхбатын ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы «Пайғамбарымызға (с.а.у) қатысты әдептер», » Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыптарына арнады.
«Адам иманын күнделікті нығайтып отыруы керек. Ол үшін білім алу, өз-өзіңмен күресу, өзіңді тәрбиелеу маңызды» деп атап өтті ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы.
РАНТ мүшесінің сапары екі күнге жалғасады Мақат, Жылыой аудандарында және қала мешіттері мен түзету мекемелерінде өтеді деп жоспарлануда