Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауға бастап келген делегация мүшесі, ұстаз Бауыржан Әлиұлы облыс орталығындағы Әт-Тақуа мешітінде жамағатпен жүздесті.
«Адамзатты жаратқан, оларға көру, есту, сөйлеу қабілетін берген, пенденің көкірек көзін ашқан күллі әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақтар болғай!
Тіл – ойдың шындығы. Ғалымдарымыз айтқандай жүрегіміз бен тіліміз қазан мен ожау іспеттес. Қазанға ожауды батырсақ қазанның ішіндегісі шығады. Демек, тілімізден шыққан сөз, жүрегіміздің дәрежесін көрсететіндігін ұмытпауымыз керек» деп нақтылады ұстаз Бауыржан Әлиұлы.
Карантин талаптарын сақтай отырып өткен кездесу барысында ұстаз Бауыржан Әлиұлы жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Еске сала кетелік, кеше Атырауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бастаған делегация келді.
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі ашылады. Және орталық «Иманғали» мешітінде 16 балаға, Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде 100 отбасына азық-түлік таратылады деп жоспарлануда.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.