Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты N75 мекемеде жазасын өтеушілер мен кездескен Рамазанның қадірі туралы насихат айтты.

«Рамазан – күнәлар кешірілетін, сауаптар еселенетін қасиетті ай. Бұл айда мұсылмандар ораза ұстап, құлшылықтарын көбейтіп, тәубеге келуге тырысады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде:
«Кім Рамазан оразасын иманмен және сауап үмітімен ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Мүслім) – деп айтқан.

Сондай-ақ, бұл айда Қадір түні бар, ол мың айдан да қайырлы деп сипатталған. Бұл түні жасалған дұғалар мен құлшылықтар қабыл болады.

Сондықтан, Рамазан – күнәлардан арылып, жаңа өмір бастаудың үлкен мүмкіндігі» деп атап өтті ұстаз Мұрат Мұстафаев.