Ұстаз Сансызбай Құрбанұлы зәулім бейіттер салудан тыйылуға шақырды

amin.kz/6 наурыз, 2020 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлының пікірінше, жаназадағы ысырапшылдықтан арылуда имамдарға табандылық керек.

«Мұндай табандылық болу үшін ақсақалдардың әркез имамдарға қолдауы қажет. Қазақ әу бастан үлкендердің сөзіне тоқтаған халық. Сондықтан, ақсақалдардың сөзі бұл мәселеде де тыңдаусыз қалмайды» деді ұстаз Сансызбай Құрбанұлы.

Ұстаз өз сөзінде бұқараны  зәулім бейіттер салудан тыйылуға шақырды.

«Көкпен таласқан бейіттерді көбейте берсек, жерімізді қабірстанға айналдырып аламыз. Қорым қоршалуы керек. Бірақ, мұның барлығы шариғат шеңберінен аспағаны абзал. Қазіргі уақытта Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пантеондар мәселесіне де ерекше назар аударып жатыр. Біздің ұстанымымыз – қабірстан әркез қарапайымдылықтан, шариғат шеңберінен аспауы керек» деді ұстаз Атырауда «Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапқа жол бермеу» тақырыбымен өткен «дөңгелек үстел» барысында.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: