Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Венгрия Премьер-Министр кеңсесінің мемлекеттік хатшысы Миклош Шолтеспен кездесу өтті.
Кездесуге наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы қатысып, мәртебелі мейманға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сонымен қатар елімізде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің дінаралық татулық пен ынтымақты арттырудағы рөлін айрықша атап өтті.
Кездесуде Қазақстан мен Венгрия арасындағы тарихи-мәдени байланысты арттырудың, сонымен бірге әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңызы сөз болды.
Өз кезегінде Премьер-Министр кеңсесінің мемлекеттік хатшысы Миклош Шолтес қазақ халқының бауырмал қасиетіне ризашылық ниетін жеткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі істеріне сәттілік тіледі.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы тарихи-мәдени байланысты найғайтуға уағдаласып, осы бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Айта кетсек, кездесуге Венгрияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Отто Иван Рона қатысты.