Жанбай ауылында салынған жаңа мешіт ерекше сәулетімен көпшілікті сүйсіндіруде (+ ВИДЕО)

Исатай ауданына қарасты Жамбай ауылында 1,5 жыл ішінде тұрғызылған мешіт осылайша, ел игілігі үшін қызмет көрсетіп жатыр.

Мешіт жанынан болашақта асхана салынады.

Қазіргі уақытта жалпы аумағы 270 шаршы метрді құрайтын мешітте Құран оқу бөлмесі, намаз оқу залдары, ерлер және әйелдерге арналған сауат ашу кабинеттері, мешіт қоймасы, таһаратханалар бар. Және имам үйі салынған.

Еске сала кетелік, Атырау облысындағы мешіттер саны 34-ке толығып отыр.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.