Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі Жандос Айтбай Конья қаласында діни білім алып жатқан қазақ шәкірттерімен кездесті.
Қауымдастық жетекшісі алдымен студенттерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ білім алудың, әсіресе жастық шақтағы көп ізденудің маңызы, дінге, елге қызмет ету, қоғамға пайдалы болу жөнінде насихат айтты.
Кездесу барысында Жандос Айтбай шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, еркін сұхбат құрды.