Жыл қорытындысы: Сұлтан Бейбарыс мешіті 1 миллион 200 мың теңгені мұқтаждарға үлестірді

Бұл туралы Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев орталық «Иманғали» мешітінде өткен жылдық есеп беру жиынында айтты.

«Азық – түлік түрінде әлеуметтік жағдайы төмен 300 отбасына жыл басынан бері 18 тонна азық пакеті таратылды. Пандемияға байланысты 2000 адамға тегін бетперде үлестірілді. Қайырымдылық бағытындағы «Аяттан – амалға» жобасы аясында жыл басынан бері  10 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде жүктелді» деп атап өтті имам Ержан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алдында қала және аудан имамдары есеп берген болатын. Діни ағарту, оңалту, қайырымдылық және ағарту бағытында жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндалған жиында алдағы жылдың жұмыс жоспары да талқыланды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.