Жылыой аудандық орталық мешітінде республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 100 балаға мектепке қажетті құралдар табыс етілді.
Еске сала кетсек, «Мектепке жол» акциясының мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Акция қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.