Жылыой аудандық орталық мешітінде аудан мешіттеріне қарасты имамдардың жиналысы болып өтті.
Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жылдық жоспар өзара пысықталып, атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді.
Атап өтсек, жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бес негізгі жұмыс бағытын бекітті. «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу – ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша бүгінде арнайы іс-шаралар жоспары жасақталуда.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Жылыой ауданында 7 мешіт жұмыс істеп тұр. Жылыой аудандық орталық мешіті Құлсары қаласында орналасқан. Сондай ақ, Майкөмген ауылдық мешіті, Қосшағыл мешіті, Нұрқас Сатыбалды мешіті, Шоқпартоғай ауылдық Қапан қажы мешіті және Ақкиізтоғай мешіті қызмет көрсетуде.
Сондай ақ, өткен жылы Қосшағыл ауылында жаңа 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.