Жылыой аудандық мешітінде кадрлық өзгерістер болды

Жылыой ауданы орталық мешітінің ұстазы Думан Балықшиев жаңа қызметке тағайындалды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жамағатты Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды.

Думан Балықшиев 2022 жылдың 14 қазанынан бастап, Жылыой ауданы орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

«Думан Балықшиев білікті ұстаз, кәсіби маман. Ағартушылық, насихаи, жамағат бірлігін арттыру жолында нәтижелі жұмыс атқарады деп сенемін» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

https://www.facebook.com/groups/818908678530224/permalink/1538644256556659/