Атырауда мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама тапсырылды (+ФОТО)

Мәуліт айына орай, Атырауда орталық «Иманғали» мешітінің бастамасымен өткен рухани кеште мешіт қызметкеріне ерекше сый берілді.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Иманғали» орталық мешітінде қызмет етіп келе жатқан Амантай Саудабаевқа Умра қажылығына жолдама берді.

Қажылық сапар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Тауаф Тревел» компаниясы арқылы ұйымдастырылады.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауда Мәуліт кеші өтті. «Өнер қырандары» театрының қатысуымен өткен мерекелік кешке қатысушы халық саны көп болды.