Жылыой ауданының орталық мешітінде Рамазан айына дайындық пысықталды.
Ауданға қарасты барлық мешіттер Рамазан айына байланысты рухани, ағартушылық бағыттағы шаралар жоспарын бекітті.
«Биылғы Рамазан айы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуі бойынша 11 наурыз күні басталады. Ал, сәуірдің 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. Қасиетті Рамазан айы биыл отыз күнге созылып, 9 сәуір күні бітеді және ораза айт 10 сәуір күні өтеді. Біздің мақсатымыз – Рамазан айын рухани тазару айы ретінде дәріптеу» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.