Жылыой ауданында балаларға әжуа құрмасы, тәттілер үлестірілді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 28 мамыр, 2020 жыл. Жылыой ауданында сәбилерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды.

Жылыой аудандық орталық мешіті ұйымдастырған іс шара аясында балаларға мың дана тәттілер,   300 литр зәм-зәм суы, 100 литр шұбат және ажуа құрмасы таратылды.

«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені, сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады» деген. Балаларымызға қуаныш сыйлау арқылы, дініміздегі сүйіспеншілікті дәріптеп отырмыз» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.