Қызылқоғалық зағип сәби Атыраудың Бас имамына хат жазды

amin.kz/ 28 мамыр, 2020 жыл. Керейхан есімді бүлдіршін Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылында тұрады.

Ол өзінің “Зағиптар арманы” атты хатында есімі жазылған әдемі киімдер кигісі келетінін және үлкен доппен ойнауды армандап жүргенін жазған. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының тапсырмасымен Қызылқоға ауданының кішкентай тұрғынына өзі қалаған сыйлықтар және анасына 30 мың теңге көлеміндегі қаражат табыс етілді.

“Бір өкініштісі, Керейхан садақтың көзіне тиген оғынан зағип болып қалған. Бірақ, осынау сынаққа қарамастан Керейханның өмірге деген құлшынысы керемет. Биік армандары, мақсаттары бар. Сәбилеріміздің арманын қанаттандыру біз үшін үлкен міндет” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.