Жылыой ауданында мешіт имамдары мен молдалар үшін біліктілікті арттыру семинары өтті

Жылыой аудандық орталық мешітінде онлайн және офлайн форматта өтіп жатқан біліктілікті арттыру курсы 1 аптаға созылды.

«Ақида» дәрісіне Жылыой ауданындағы мешіттердің имамдары, ұстаздары және молдалар қатысты.

Дін қызметкерлеріне дәрісті ұстаз Бағдат Алауадинов өткізді.

Еске сала кетелік, ақида (сенім тіректері) ғылымы – Ислам дінінің негізі. Ақида мұсылмандарды дұрыс емес түрлі сенімдерден сақтайды, мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағын қамтамасыз етеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.