Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінің ықпал етуімен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
“Атырау – Орал” тас жолы бағытында жолаушылар тасымалымен айналысатын такси жүргізушілері 5 мұқта отбасына азық-түлік жеткізіп берді.
“Біз үнемі Сұлтан Бейбарыс мешітінде өтіп жатқан қайырымдылық шараларына үлес қосып келеміз. Қазіргідей қымбатшылық жағдайында мұқтаж шаңырақтарға азық-түліктей көмек көрсетуді жөн деп шештік. Алла ниетімізді қабыл еткей” дейді ізгі іске бастамашы болып жүрген такси жүргізушілері.