Атырау қаласы Тасқала ауылындағы “Мәулімберген” мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Ізгілікті шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер және ет берілді.
Акция әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыды. Қамқорлық шаралары жалғасын табады. Біздің мақсатымыз – қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлау” дейді “Мәулімберген” мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.


Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.