Жылыой ауданының орталық мешіті күрделі жөндеуден өтуде

amin.kz/ 24 маусым, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында белгілі болды.

Жылыой ауданының орталық мешітіне барған Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы пандемия жағдайындағы құлшылық үйінің жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта Жылыойдың бас мешіті күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Сонымен бірге, Атырау облысының Бас имамы Тұрғызба ауылына барды. Аталмыш ауылдың мешітінде бүгінгі таңда дәретхана салынып жатыр. Дәретхана құрылысымен танысқан Бас имам жұмыстың сапалы, әрі заманауи талаптарға сай жүруі керек екендігін тапсырды.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі датасына орай, Атырауда мешіттерге қатысты бірқатар жобалар қолға алынып отыр. Оның ішінде, мешіттерді күрделі жөндеуден өткізу, заманауи дәретханалар салу да бар.

«Намаздың кілті дәрет екенін ескерсек, біздің дәрет алатын орнымыз, құлшылық жасайтын мешітіміз көркем болуы қажет» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен бірге, Бас имам пандемия жағдайындағы мешіт үйлерінің жұмысына қойылған шектеулерге қарамастан, мұқтаж жандарды қамқорлау, қайырымдылық шаралары тоқтамайтынын айтты.